Атырауда әйел туған сіңлісін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

91

Атырауда туған сіңлісін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген әйел ұсталды

Атырау облысы полиция қызметкерлері өзінің 1998 жылы туған сіңлісін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген Өзбекстан Республикасының тумасын анықтады.

«Бастапқы тексеру іс-шаралары кезінде 2021 жылғы мамыр айында күдікті жәбірленушіні Ташкент қаласынан Шымкент қаласына, содан кейін Атырау қаласына алып келіп, азық-түлік дүкенінде сатушы ретінде жұмысқа ұсынғаны анықталды. Бірақ келгеннен кейін құжаттарын алып, физикалық күш көрсеткен және оны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген», — делінген Ішкі істер министрлігін хабарламасында.

 

https://turkystan.kz/article/233633-atyrauda-yel-tu-an-si-lisin-zhez-kshelikpen-aynalysu-a-m-zhb-rlegen

Leave A Reply

Your email address will not be published.