Жалпақтөбеліктер таңдауын жасауда

165
2021 жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ауылдардың, ауылдық округтерінің, кенттердің және аудандық маңызға ие қала әкімдерінің сайлауы өтетінін айтқан болатын.
Бүгін Жамбыл ауданы, Полатқосшы ауылдық округінде әкім сайлауы өтуде.
Сайлау учаскесі бүгін таңғы сағат 7:00-ден басталып,
кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасын табатын болады.
Тұрғындар өз таңдауларын жасау үшін сайлау учаскесіне келуде.
Ауылдық округтегі №152, №153, №472 сайлау учаскелерінде барлығы 5 940 сайлаушы бар.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.