Самаладай жарқыраған көше жанға жылу сыйлайтыны анық. Әрі бұл – тұрғындар қауіпсіздігінің де кепілі. Сондықтан көне шаһар көшелерін жарықтандыруға биыл айрықша көңіл бөлінді.
Ағымдағы жылы Таразда 68 көшеге жарық орнату жоспарланды. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде алпыс сегіз көше тұрғындары иігілікті істің рахатын көруде.
Енді жыл басында бөлінген қаржының үнемделген бөлігі есебінен тағы 15 көшеге жарық орнату жұмыстары аяқталды.
Атап айтқанда, Шоқалақов, Петрашевский, Глинка, Нұрмағанбетов, Такенов көшесінің 1, 2, 5 бұрылыстары, Каллаур әкім көшесінің 1, 2 бұрылыстары, Дүкенұлы көшесінің 1, 2 бұрылыстары, Бурненская көшесі, Бәйдібек баба (Кірпіш зауыт алқабы), Домалақ ана (Кірпіш зауыт алқабы), Рысқұлбеков көшесі (Кірпіш зауыт алқабы), 1,2 Центральный , Лұқманов көшесінің тұйығы, Лұқманов көшесінің 2 бұрылысы және Центральный көшелері самаладай жарқырайтын болады.
Қазіргі таңда электр энергиясының қосылу нүктесіне байланысты құжаттар жауапты мекемемен рәсімделуде. Тиісті құжаттар рәсімделген соң, он бес көшеге белгіленген уақытта жарық беріледі.
Тараз қаласының әкімдігі