«Бурыл» тұрғын алқабына жол салу жұмыстары басталады

59
Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Бурыл» алқабының тұрғындарымен кездесті.
Мұндағы халықты көптен бері жол мәселесі алаңдатып келеді.
– Жолдың азабын тартып келе жатқанымызға 15 жылдан асты. Қанша жерден айтылса да бұл мәселе шешімін таппай тұр. Балалардың сабаққа баратын уақытысы басталды. Сондықтан негізгі қоғамдық көлік қатынайтын көшелерге асфальт салып беруді сұраймыз, – дейді тұрғындар.
Қала әкімі бұл түйткілдің түйіні тарқатылатынын, таяуда жол құрылысы басталатынын жеткізді.
– Жалпы бұл алқапқа жол жөндеу жұмыстары 2024 жылға жоспарланған. Дегенмен біз тұрғындардың өтініш- тілегін ескеріп, қоғамдық көлік қатынайтын негізгі көшелерге жол төсеуді көздеп отырмыз. Құрылыс жұмыстары бірер күнде басталады, – деді шаһар басшысы.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан айтылған сапалы интернет желісі, қоқысты уақытылы шығару, қаңғыбас иттерді аулау сынды маңызды мәселелер де назарға алынды.

 

Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.