Шу аудандық орталық ауруханасы диагностикалық кеңес беру емханасының мейірбикесі Нусипова Галия Абдибековна құрметті зейнет демалысына шықты.
Галия Абдибековна 41 жылдан астам ғұмырын медицина саласына арнаған білікті маман. Осы уақыт аралығында ол нағыз мейірбике деген атқа лайық болып, науқастардың аяққа тұрып кетуіне бар күш-жігерін аямады. Оның еселі еңбегі мен мол тәжірибесі кейінгі буынға таусылмас тағылым. Өзі де ізінен ерген жастарға білгенін үйретуден бір сәтке жалыққан емес.
Галия Абдибековнаны зейнет демалысына шығуымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, басына амандық тілейміз. Еңбегіңіздің жемісін көріп, беделдің биігінен, абыройдың асқарынан түспеңіз!
Шу Аудандық Орталық Аурухана