Комиссия отырысы

60
Аудан әкімі Ернар Есіркеповтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысы барысында аудан аумағындағы кәсіпорындардағы қызметкерлердің еңбек шартына сәйкес уақытылы жалақы төлеу, жұмыс берушілер жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелеріне қатысты біршама тапсырмалар берілді.
Әсіресе жұмыс беруші тарапынан жүргізілетін әлеуметтік, медициналық төлемдер мен біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдардың міндетті және уақытылы төленуін бақылауды тапсырды.
Ауылдық округ әкімдеріне отбасының цифрлық картасын қатаң бақылауға алып, өзектендіру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктелді.

 

Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.