Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың отау құрғанына үш жыл болды. Өнер иесі желідегі парақшасында ұзату тойында түсірілген бейнежазбаны жариялады.
«19.08.2020 жыл. Бүгін ұзатылып, жаңа жанұялық өмірге қадам басқан күнім. Ғұмырлы, бақытты отбасы болайық», – деп жазды өнер иесі.
Ақерке Бүркітбай осыдан үш жыл бұрын карантин кезінде тұрмысқа шыққанын еске алды. Сондықтан ешқайда шықпай, үйден ұзатылғанын айтады.
«2020 жылы карантин уақыты болған соң ешқайда шыға алмадық. Сол үшін естелік болсын деп видеоны үйдің артында аулада түсіргенбіз. Жақын туыс, ағайын, дос-жаранмен аз ғана адамның басын қосып, ырымын жасап үйден ұзатылдым. 3 жыл өте шықты. Бейнежазбаны анашымның арқасында мұрағаттан тауып алдық. Қандай күшті естелік», – деп жазды Ақерке Бүркітбай.
Желі қолданушылары оны қуанышымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Айта кетейік, Ақерке Бүркітбай – «Асыл» тобында өнер көрсеткен қобызшы.
https://turkystan.kz/article/231051-roza-rymbaevanyn-kelini-uzatu-toyyndagy-esteliktermen-bolisti/