Құт Қонған, Киелі Мекен Сарысу

293

Талай жылдық тарихы бар қазақ даласының шежіресінде Сарысу өңірінің орны ерекше. Қазақ салт-дәстүрін етене ұстанып, салт-дәстүр жолындағы әдет-ғұрыптарын жоймай сақтаған сарысулықтардың еңбек тарихтарын ұрпаққа жеткізу баршамыздың міндетіміз.

Қазақстан мемлекетіне, шет мемлекеттерге атақ-даңқы жеткен азаматтарды ел есінде мәңгі сақтау. Ондағы әрбір тарихы мұрағаттарды келешек ұрпаққа насихаттау. Туған өлкені сүюге баулу. Сарысу өңірі өнер қонған киелі өлке.  Құт мекеннен  талай өнер қайраткерлері түлеп ұшқан.  Көркемөнерпаздарымыз халықтың ықыласына бөленсе, сазгерлер әсем де әуезді әндерімен елдің жүрегін баурады. Осыған орай өткен аптаның жұмасы күні Жайылма ауылдық округінде  Сарысу ауданының  95 жылдығы аясында «Саялы өлкем-Сарысуым» өнер фестивалі өтті.

Шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудан әкімінің орынбасары,  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы,  мекеме басшылары көршілес ауылдық округтердің ардагерлері, ауыл ақсақалдары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Аталмыш шарада ауылдық округ өнерпаздары әннен шашу шашып, мың бұралған бишілер өнерлерін паш етті.  Сонымен қатар  асық ату, арқан тарту, ләңгі тебу, кір тасын көтеру  спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.   Жеңімпаздар аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом, медальдарімен марапатталды.  Сондай –ақ Жайылма ауылдық өнер мектебінің ұстаздары мен оқушылардың қолөнер бұйымдары көрмеге қойылды.

Сарысу газеті

Leave A Reply

Your email address will not be published.