Интернет алаяқтық көбейіп барады

71

Жамбыл ауданы аумағында ақпараттық және байланыс саласындағы қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша шаралар тиімділігін арттыру бағытында 16-18 тамыз аралығында «HI-tech»жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шара аясында Жамбыл аудандық ПБ қызметкерлері аудан аумағында ахуалды бақылауға алып, қылмыстық істерді болдырмау бағытында үздіксіз жұмыс істеп, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Аудан тәртіп сақшылары заманға сай түрлі ақпараттық технологияларды қолданатын аудан тұрғындарынан алаяқтардың қармағына түсіп қалмас үшін өте сақ болуды ескертеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.