Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруын тудыратын кененің табиғи ошағына жататын Сарысу ауданында індеттің алдын алу шараларының үш кезеңіне жалпы аудандық бюджеттен 10,6 млн. теңге қаражат бөлінді, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.
Аудан бойынша төрт түлік малға, қора-жайларға, аулаларға, Жаңатас қаласындағы көпқабатты үйлердің жертөлелері мен шатырларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Аудан көлемінде Сібір жарасының 13 ошағы тіркелген. Барлық 13 ошақта талапқа сай бетондалып қоршалған, атауы жазылған белгілер қойылған.