АУЫЛ ҚАРИЯЛАРЫ ЖАСТАРҒА ЖАРҚЫН ҮЛГІ БОЛУДА

219
✔️Саламатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал саламатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Саламатты өмір салтын ұстану жалпы адамзат үшін ең пайдалы дүние саналады. Адам денесі үнемі шыныққан сайын аурудың ауыр дерттің өзі жоламайтыны белгілі.
✔️Осы орайда Ақсай ауылдық округінің орталығы Қайрат ауылындағы Б.Момышұлы саябағында спорттық алаңшада Қайрат және Көлбастау ауылының қариялары екі үш жылдан бері таңертеңгі сағат 6-7-лер шамасында күнделікті жүру, жүгіру, және дене жаттығуларын жасаумен тұрақты түрде айналысып келеді. Олардың басым көпшілігі кезінде ауыр дертпен ауырып, қан қысымы, қант диабеті, артық салмақтан жапа шеккен жандар. Олар қазір бос уақыттарын тиімді пайдалана отырып, саламатты өмір салтын ұстанғанымыз жөн деген шешім қабылдап, бүгінде дене шынықтырумен айналысуды күнделікті дағдыға айналдыруда.
✔️Ардагерлердің бұл әрекеттері көптеген ауыл жастарына үлгі-өнеге. Оларда бос уақыттарын тиімді пайдаланып, ерте ұйықтап, таңертең ерте тұрып, саламатты өмір салтын ұстанудың пайдасы өте көп. Жастар зиянды әрекеттерден аулақ болып, кітап оқуға, білім алуға, денсаулықтарының қадірін білсе, үлкендерден үлгі алса – олар үшін де жетістік.

Жуалы ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.