Қауіпсіздік жанар май құю

90
Талас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері сұйытылған газды өткізу объектілеріндегі өрттердің өсуіне байланысты автомобильдерге жанармай құю және газ құю станцияларында өрттің алдын алу бойынша «Қауіпсіз жанармай құю» профилактикалық акциясын өткізді. Аудан аумағында орналасқан АГҚС-қа тұрмыстық газ баллондарын құюға тыйым салу бөлігінде өрт қауіпсіздігі талаптарына ерекше назар аударылды.
Жанармай құю және газ құю станцияларының басшыларымен және персонал қызметкерлерімен профилактикалық жұмыста өрт қауіпсіздігі саласындағы арнайы нұсқаулық және түсіндірме жұмыстары жүргізіліп арнайы жаднамалар таратылды.
_____________________

Leave A Reply

Your email address will not be published.