Биыл ауданымызда “Ауыл аманаты” жобасы Көгершін және Көкдөнен ауылдық округтерінде жалғасын табуда.

130
Осы орайда, бүгін аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен ауылдық округ әкімдерімен, жауапты сала басшыларымен қатысуымен өткен жиында атқарылып жатқан жұмыстардың іске асырылу барысы баяндалып, талқыланды.
Жалпы Абай ауылдық округінде жобаның жүзеге асырылу барысында 5 бағыт бойынша 755,2 млн.тг. бөлініп, 321 МІҚ, 405 жылқы, 7555 ұсақ мал, сондай-ақ 6 ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынған.
Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы аталған округтерде қажетті құжаттарын жинау барысында ауыл азаматтарын әуре сарсаңға салмай, тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап беріп, көмектесіп отыратын арнайы бір маман бекітуді, әрі өздерінің тың идеялары бар ауылдағы жастарды “Ауыл аманаты” жобасына көптеп тартуды тапсырды.

 

Тұрар Рысқұлов Ауданының Әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.