Терлеу, бас айналу: аптап ыстық ақыл мен денеге қалай әсер етеді?

125

Осы аптада жаздың ең ыстық күндері болады деген болжам бар. Бүкіл әлім халқы қауіпсіздік шаралары туралы хабарлама алуда.

Синоптиктер мен дәрігерлер адамдарға далада жүру уақытын шектеуге және ыстықтан пайда болатын ауру түрлерінің белгілерін білуге кеңес берді.

Сарапшылардың айтуынша, ыстық күндері адамдардың басым бөлігі қатты терлеу мен бас айналудан бастап, бұлшықеттің тартылуы, тіпті, құсу, күн өту сияқты ауруларға тап болады.

Ыстық лептің әсерінен адамның дене температурасы жоғарылап, пульсінің жылдамдығы, тыныс алудың қиындауы, сананың шатасуы және команың белгілері бар өмірге қауіпті жағдайға тап болады. Бұл жағдайда адамның ағзасы терлеу қабілетінен айырылады.

Дене температурасы 39 градусқа немесе одан жоғары көтерілгенде тері қызып, қызарып, жүрек соғу жиілігі жоғарылайды. Бас ауруы, жүрек айнуы, абыржу және тіпті естен тануы мүмкін.

Нью-Мексико университетінің жедел жәрдем дәрігері Джон Флемингтің айтуынша, адам ағзасы денені салқындату үшін теріге қан айдау арқылы өтеуге тырысады. Адам неғұрлым көп тыныс алса, соғұрлым ол сұйықтықты жоғалтады.

Терлеу кезінде натрий мен калий сияқты маңызды электролиттер де жоғалуы мүмкін.

«Алдымен бұлшықеттеріңіз шаршай бастайды. Содан кейін бүйрек, көкбауыр және бауырдың жұмысына зақым келуі ықтимал. Ал егер жағдай өте нашар болса, онда миыңызға қан жетпей қалады», – деді ол.

Сарапшылардың пікірінше,  өзге адамдардағы күн өту белгілерін тану өте маңызды. Өйткені адамдар психикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты өзінің жағдайын түсініп, баға бере алмауы мүмкін.

Күн өткен кезде мамандар шұғыл түрде жедел жәрдем шақыруды және дымқыл киімнің көмегімен немесе салқын суға түсу арқылы адамның дене температурасын төмендетуге тырысуды ұсынады.

Күн өткенде дене суық және жабысқақ болуы мүмкін. Сондай-ақ қатты терлеу, жүрек айну, бұлшықет спазмы, әлсіздік және бас айналу сияқты белгілері де бар. Сарапшылардың айтуынша, ыстық күні салқын жерде отырып, жылы суды аз-аздан жиі ішкен дұрыс.

Айта кетсек, егде жастағы адамдар мен балаларда күн өту қауіпі өте жоғары.

Аптап ыстық күндері адамдардың өліміне алып келетін жайт –  жүрек-қан тарымлары аурулары, дейді мамандар. Себебі жүрек жоғары дене температурасын төмендету үшін көп энергия жұмсайды.

Дәрігерлер аптап ыстықта күннің астына шықпай, жиі су ішуге кеңес береді. Ал кофеин мен алкогольдік өнімдер жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін.

Аризона штатындағы университет зерттеушілері қатты ыстықтың ағзаға әсері және ыстық ауа райын қауіпін толыққанды түсінуге тырысуда.

Олар зерттеу жұмыстарына ANDI деп аталатын арнайы жылу манекенін пайдаланды. Манекен температура датчиктерімен және тер тамшыларын шығаратын тесіктермен жабдықталған.

«Мен және әріптестерім жүргізіп жатқан зерттеулері адамдардың ағзасы ұзақ уақыт бойы қатты ыстықтың астында тұрғанда қалай жұмыс істейтіндігі және оған көмектесу жолдарын түсіндіруге бағытталған», – деді профессор Дженни Ванос.

Негізі, қазіргі таңда 10 жылу манекені бар. Олардың көпшілігін спорттық киім компаниялары тестілеу үшін пайдаланады. ASU манекені – бірегей ішкі салқындату арнасының арқасында күннің астанда қолдануға болатын алғашқы манекен.

Университет, сонымен қатар, «жылы бөлме» немесе жылу камерасын жасады. Бөлме ішіндегі температура 60 градусқа дейін көтеріледі. Сондай-ақ эксперимент үшін жел мен Күн радиациясын басқаруға болады.

Ваностың айтуынша, қоршаған ортадағы қысқа толқынды және ұзын толқынды сәулеленуді өлшеу зерттеушілерге қаланың белгілі бір жерінде адам денесінің қаншалықты қызатынын көрсете алады.

«Көлеңке – кез келген ыстық жерде жылу жүктемесін азайтудың маңызды факторы болып табылады», – деді ол.

https://turkystan.kz/article/227701-terleu-bas-aynalu-aptap-ystyk-akyl-men-denege-kalay-eser-etedi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.