Әлеуметтік осал топ санатындағы отбасының балалары балабақшада тегін тамақтанады деп хабарлады turkystan.kz.
Барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары:
– 11 өңірде тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді (ШҚО, БҚО, Абай, Ұлытау, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, СҚО, Ақмола, Қостанай облыстары)
– 9 өңірде мәслихат отырысында маусым айының соңына дейін бюджет бекітіледі (Алматы қаласы, Маңғыстау облысы, Ақтөбе облысы, Шымкент қаласы, Қызылорда облысы, Алматы облысы)
– 1 қыркүйектен бастап балабақшаларда осал топ санатындағы отбасы балалары 100% қамтылады.
Орта білім бойынша:
– 9 өңірде бастауыш сынып балалары тегін тамақпен қамтамасыз етілген (Атырау, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Қызылорда облыстары, Астана, Алматы, Шымкент қалалары)
– 8 өңірде мәслихат сессиялары өткізілді, қаражат бөлу туралы шешім қабылданды (Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары), Қостанай облысында бұл жұмыстар ішінара орындалды.
– 2 өңірде мәслихат отырысында маусым айының соңына дейін бастауыш оқушыларын 100% тегін тамақпен қамтамасыз етуге қатысты бюджет бекітіледі (Абай және ШҚО облыстары )
https://turkystan.kz/article/226266-kyrkuyekten-bastap-balabaksha-men-mektepterde-tegin-ystyk-tamak-beriledi/