“Darmen” мобильді қосымшасын жүкте, төтенше жағдайдан өзіңді қорға

121

Халықты қорғау – азаматтық қорғау қызметтерінің басты міндеті. Халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау бойынша негізгі іс-шаралардың бірі – тұрғындарды қандай да бір қауіп-қатердің туындауы немесе қаупі туралы уақытында құлақтандыру және ақпараттандыру. Халықты құлақтандыру оны төніп тұрған қауіп-қатер және орын алған жағдай туралы уақытылы ескертуді, сонымен қатар мұндай жағдайларда әрекет ету тәртібі туралы ақпараттандыруды білдіреді.

Біздің облысымызда ТЖ туралы халықты жылдам құлақтандыру үшін тегін мобильді «Darmen» қосымшасы іске қосылған. Сонымен қатар, бұл қосымша бірнеше секунд ішінде халықты облыс аумағындағы ТЖ қаупі мен туындауы (соның ішінде дауылдық ескертулер) туралы жаппай ақпараттандыруға мүмкіндік береді. Бұл қосымша тәжірибелік пайдаланудан өтті және хабарламаларды жедел жеткізуде бұрыннан қолданылып жатқан SMS құлақтандырумен салыстырғанда аса тиімді екенін көрсетті. Мобильдік қосымшаны Android және IOS операциялық жүйелері негізіндегі смартфондары мен планшеттері бар барлық тұрғындарға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеп алу үшін қолжетімді. Қосымшаны App Store және Plaу Market мобильдік телефондар үшін қосымшалар дүкендерінде «Darmen» атауын енгізіп жүктеп алуға болады. Бұл халықты, жергілікті атқарушы органдарды және басқаларды нақты бір жағдайдың туындауы туралы алдын ала ескертуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде бұл Жамбыл облысы тұрғындарын қандай да бір апаттың жағымсыз салдарынан немесе әр түрлі факторлардың әсерінен болған қиратушы күштің әсерінен максималды қорғайды.

Сондықтан, “Darmen” мобильді қосымшасын жүктеп алып, кез-келген төтенше жағдайдан өзіңізді қорғаңыз!

Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.