Қазіргі уақытта ТЖД күштері 8 адам, 2 техника, 2 су көлігі, сондай-ақ Қорғалжын қорығының 27 жұмысшысы мен 11 техникасы өртті сөндіруде.
«Өрт сөндіру жұмыстары жердің батпақтығына, қатты жел және қамыстың тығыздығына байланысты қиындауда. Сондай-ақ Целиноград ауданынан қосымша күштер мен құралдардың келуі күтілуде», — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта өрт аумағы 125 гектарды құрайды. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
https://stan.kz/akmola-oblisindagi-korikta-iri-ort-shikti-383894/