Заң және тәртіп: Қасым-Жомарт Тоқаев ең басты ұстанымы қандай екенін айтты

154

Сөзінше Қазақстан жаһандық және өңірлік әріптестерімізбен достық қарым-қатынасты сақтауға бар күш-жігерін салуда. Әрі Орталық Азиядағы бауырлас елдермен аймақтық ынтымақтастықты дамыту көзделіп отыр.

“Қазақстанда біз әділеттілік, заң үстемдігі, теңдік пен сот төрелігі қағидаттарын енгізу бойынша жаңа реформалық күш-жігерді қолға алып жатырмыз. Менің басты ұстанымым — заңдылық пен тәртіп. Бұл «Жаңа Әділетті Қазақстанды» құрудың берік іргетасы”, — деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы осы мақсатта көптеген істердің атқарылғанын мысалға келтірді. Яғни өте қысқа мерзімде институттар реформаланды, Президент өкілеттігі шектелді, Конституцияға өзгерістер енгізілді, саяси және экономикалық жүйені қайта іске қосылды, әрі жемқорлықпен күрес жүргізілуде. Осының арқасында соңғы 2 жылда елде айтарлықтай өзгеріс сезіледі.

“Осы қолданыстағы жүйені өзгерту, түрлендіру жолындағы әрекет әлі аяқталған жоқ. Саяси реформалар мен адами капиталға инвестиция салу бізді орташа табыс тұзағынан құтқарып, экономикамызды икемді ете алатынын түсінеміз”, — деді Тоқаев.

https://stan.kz/zan-zhane-tartip-kasim-zhomart-tokaev-en-basti-ystanimi-383461/

Leave A Reply

Your email address will not be published.