«Суару түгілі ішуге су жетіспейді»: Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары ауылды қамтымайтын су тапшылығына наразы

116

Үш мыңға жуық тұрғыны бар ауданды сумен қамтуға соңғы үш жылда мемлекеттен 140 миллион теңге бөлінген. Бұл ақшаға екі сорғы бар су мұнарасы салынды. Бірақ оның қуаты ауыл тұрғындарын толықтай сумен қамтамасыз етуге жетпейді.

Жергілікті тұрғын Амангелді Қапеевтың айтуынша үйінде су бір аптадан бері жоқ. Ал ауыл тұрғындары ауызсу мен шаруашылық қажеттіліктерге суды дүкендерден сатып алуға мәжбүр.

Ал көктемде егілген картоп жергілікті бағбандарда солып жатыр. Тұрғындар оларды суару түгілі ішуге су жетіспей отырғанын алға тартты.

«Таңертең де, кешке де су жоқ. Мұнараның жұмысына жауапкершілік алған соң, мәселеге мұқият қарау керек қой. Шеткі көшелерге су мүлдем жетпейді», — деді ауыл тұрғыны Ману Қабдушева.

Кәсіпкерлер атап өткендей, мұнара күніне 300 м3 су шығарады. Әр 10 минут сайын ондағы судың көлемі азайып, шеткі үйлер сусыз қалады. Одан бөлек қызып кетпеу үшін 14-15 сағат үздіксіз жұмыс істейтін сорғыларды өшіріп қоятын кез болады. Мұндай үзіліс кезінде ауыл толығымен сусыз отырады.

«Сыйымдылығы жоғары сорғы сатып алу керек. Бізде екі әлсіз сорғы бар. Олар сағатына 20 текше метр су береді. Жаңа біреуін алсақ 30 текше метр су берер еді. Тұрғындар айдың басында суға қаражат жинап, жаңа сорғы сатып алуымыз керек”, — деді жеке кәсіпкер Гүлбашар Мұхатова.

Аудан әкімдігі ауыл тұрғындарына тұрмыстық қажеттілікке жеткізу үшін суды суармалы жерлерге ысырап етпеуге шақырды.

«Заң бойынша суды бау-бақшаға, мал шаруашылығына пайдалануға болмайды. Сол себепті су барлығына жетпейді.Басқа қажеттіліктер үшін халық не суды сатып алуы керек, не мүмкін болса құдық қаздырып алуы керек”, — деп атап өтті Ақжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Арыстан Әбілдинов.

https://stan.kz/suaru-tugili-ishuge-su-zhetispeydi-soltustik-kazakstan-383457/

Leave A Reply

Your email address will not be published.