АЙМАҚТА 234 ШАРУАШЫЛЫҚ ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН ӨСІРУДЕ

181
Биыл облыста қант қызылшасы алқабын ұлғайтуға басымдық беріліп, 10,4 мың гектарға тәтті түбір отырғызу жоспарланған болатын.
Бүгінгі күні оның көлемі 10,8 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5,3 мың гектарға артты. Бұл алқаптан 333,0 мың тонна өнім жиналып, орташа өнімділігі 323,0 ц/га құрайды және жиналған өнімнің 300,5 мың тоннасы қант зауыттарына өткізіледі деп көзделуде. Қазіргі уақытта агроқұрлымдар тарапынан күтіп-баптау шаралары атқарылуда.
Жалпы ағымдағы жылы қант қызылшасы өнімінің сатып алу бағасы тоннасына 40 мың теңгені құрады. Яғни, қант зауыттары өткізілген өнімнің тоннасына — 15 мың теңге төлесе, мемлекет тарапынан — 25 мың теңге субсидия төленетін болады.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.