55

Америкалықтар асырап алған қазақ баласы туған анасын іздеп, Қазақстанға келді деп хабарлады turkystan.kz.

Сардар Бабко Jambyl Taraz Product YouTube арнасына биологиялық анасын іздеп жүргенін айтты. 22 жыл бұрын шетел асқан ол ес білгелі туған жерін көруді армандаған екен.

Қазақстанға достарымен бірге келген ол Алматы, Астана, Павлодар қалаларын аралады. Сардар бір жасқа дейін «Үміт» бөбектер үйінде тәрбиеленген. Кейін америкалық отбасы оны АҚШ-қа алып кетеді. Құжатта көрсетілген Сардардың биологиялық анасы баласын босанған соң, бір күн өткенде перзентханадан қашып кеткен екен. 1974 жылғы азаматша әлі табылмады.

«Туған жеріме келгеніме өте қуаныштымын. Қазақстанға келер алдында қатты қобалжыдым. Әрдайым Тараз қаласын көруді армандайтынмын. Бөбектер үйінде болған кезім мүлде есімде жоқ. Сонша жылдан кейін туған қаламның көшелерін аралау мен үшін үлкен бақыт. Расымен, бақыттымын. Тұрғындары да, тарихы да таңғажайып, ерекше екен», – деді Сардар Бабкок.

Америка асқан қазақ баласы жуырда тағы келетінін айтты.

https://turkystan.kz/article/225026-amerikalyktar-asyrap-algan-kazak-balasy-tugan-anasyn-izdep-tarazga-keldi-video/

Leave A Reply

Your email address will not be published.