Қандай адамдар көп ұйықтайды? — Зерттеу

161

Канадалық ғалымдар көп ұйықтаудан арылуға не көмектесетінін зерттеді.

Әдетте, біз ұйқымыз келгенде немесе шаршаған кезде, құрамында кофеин бар кофе немесе шай ішуге тырысамыз. Бірақ бұдан да басқа әдістер мен препараттар бар екенін біле жүріңіз.

Макмастер университеті ұйқышылдықты жоюға арналған препараттар солриамфетол, армодафинил-модафинил және питолизантты қолданып, бірнеше зерттеу жүргізді.

Нәтижесінде үшеуі де тиімділігін көрсеткен, бірақ солриамфетолдың артықшылығы басым болды, өзін жақсы көрсетті. Олар бұрын медициналық тәжірибеде қолданылғанмен, тиімділігі салыстырылмаған еді. Енді мұны дәрігердің кеңесімен алуға болады.

Бұл зерттеудің маңызы зор. Өйткені Солтүстік Американың өзінде халықтың 15-30%-ы ұйқышылдықтан немесе созылмалы шаршаудан зардап шегіп жатыр.

Зерттеу көрсеткендей, артық салмағы бар адамдар күндіз ұйықтауға тырысады. Өкінішке қарай, кейінгі кезде олардың саны артып келеді. Зерттеу жұмыстары көбінесе табысы жоғары елдердің тұрғындары семіздік проблемаларын бастан кешіретінін көрсетіп отыр.

Көп ұйықтаудан қалай құтылуға болады?

– бөлмені үнемі желдету;

– дене жаттығулары;

– кофе немесе шай;

– ауыр түскі астың орнына жеңіл тағамдар жеу;

– бөлменің жарық болуы.

 

Дереккөз: sciencealert.com

https://turkystan.kz/article/224887-kanday-adamdar-kop-uyyktaydy-zertteu/

Leave A Reply

Your email address will not be published.