Әр жылдың мамыр айының соңғы жексенбісі күні республикамыз бойынша химия өнеркәсібі қызметкерлерінің төл мерекесі ретінде аталып өтіледі. Химия өнеркәсібінің үлкен ошағы Жамбыл өңірінде де бұл мереке ерекше аталып өтті.
Жыл сайынғы дәстүр бойынша осы айтулы мерекеге орай «Қазфосфат» ЖШС филиалдары арасында бірнеше спорт түрлерінен биыл да дүбірлі жарыс ұйымдастырылды. Осы жарысқа қатысқан «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің спортшылары да ұйымшылдықпен қатысып өз күштерін сынаған еді. Жарыс қорытындысы бойынша волейболдан 2 орын, қазақ күресінен-1,»Толағай» көңілді старт ойынынан-1, қыздар арасында садақ атудан-2, дартстан-3, армреслингтен-3 жүлделі орынға ие болды. Филиалдар арасында жалпы командалық есепте жүлделі 3-і тұғырдан көрініп 100000₸ қанжығаға байлады. Филиалдар арасындағы жарыстарда Д. Аймағанбетов, Б, Ізбасаров, Абзал Жантөреев,ҚуанышӘлімет, З. Ердешова, Ә. Мейірбекова, Ә. Жатқанбай, А. Әлқуатов, Р. Кушекова, Ә. Сүйінжанова, Н. Жилина, Н. Ильясова, Э. Серікбаева, Л. Идиатова, Қажы Нурдаулет,Д.Дүйсенбин, А. Бейсенбаев және басқа да жігіттер мен қыздар белсенді, тапқыр ойындарымен көзге түсті. Кешен спортшыларын осы жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да жеңістің биік тұғырынан көрінуіне тілектестік білдіремін. Еңбектерінде табысты, отбасында қуанышты болсын!
Д.Ақділда.