Астанада тағы бір спорт түрінен Азия чемпионаты өтеді

113

Астанада грэпплинг және грэпплинг гиден Азия чемпионаты өтеді деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 21-24 маусым аралығында өтетін құрлық біріншілігіне Қазақстан құрамасымен қатар, Иран, Үндістан, Қырғызстан, Филиппин, Тәжікстан және Өзбекстанның жекпе-жек шеберлері қатысады.

«Азия чемпионаты жасөспірімдер, юниорлар, жастар, ересектер және 35 жастан асқан ардагерлер арасында өтеді», – деп жазылған хабарламада.

https://turkystan.kz/article/224060-astanada-tagy-bir-sport-turinen-aziya-chempionaty-otedi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.