Жамбыл облысында 83,7 мың жаңа жұмыс орны ашылады

142

Жамбыл облысында ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құруға» қатысты берген тапсырмасына сәйкес, биылға 13 мың 400 жұмыс орнын құру жоспарланып, қазіргі таңда 4486-сы құрылды. Жалпы, биыл өңірде 54,2 мың адамды жұмыспен қамтуға 13,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық.

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Аталған жұмыстардың нәтижесінде облыста атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың саны жыл сайын азаюда. Мысалы, 2021 жылы атаулы көмек алушылар саны 61,4 мың болса, биыл бұл межені 46,5 мыңға дейін түсіру күтілуде.

Ал, облыстың даму жоспарына сәйкес 2025 жылға дейін барлығы 83,7 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Сондай-ақ, облыс әкімі білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарға да қысқаша тоқталып өтті.

— Мемлекет басшысы айқындап отырған мәселелердің бірі – адам капиталын дамыту. Ол үшін біз бар мүмкіндіктерді пайдаланудамыз.

Атап айтар болсам, ағымдағы жылы облыстың білім саласына 317,7 млрд. теңге қаражат бөлініп отыр.

Оған 17 білім нысанына күрделі жөндеу жүргізілетін болса, қазіргі таңда 25 жаңа нысанның құрылысы жүзеге асуда. Оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Байзақ ауданында 1200 орындық 2 мектеп, Қордай ауданында 600 орындық 2 мектеп, Тараз қаласында 5000 орындық 4 мектеп салынады.

Биыл 14 жаңа нысанның құрылысы және 17 нысанның күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, тапсырылады,-деді Нұржан Нұржігітов.

Жалпы, кейінгі 30 жыл ішінде облыста барлығы 132 мектеп,
25 балабақша соғылып, 395 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өткен.

Осыған сәйкес, жамбылдық педагоргтар мен оқушылардың білім саласындағы жетістіктері де аз емес.

Айталық, Республикалық ғылыми жобалар жарысында облыс командасы 14 жыл қатарынан ең үздік команда атанса, биыл қоғамдық гуманитарлық пән олимпиадаларында ең үздік олимпиадалық команда атғанын жеңіп алған. Сол сияқты, Пирлс халықаралық зерттеуінде облыс оқушылары 2-ші орынды иеленген.

 

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.