Түркістан облысында 4-сынып оқушысы суға батып кетті

118

Түркістан облысында 4-сынып оқушысы абайсызда канал суына батып кетіп, көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz.

Otyrar.kz сайтынының мәліметінше, оқыс оқиға Келес ауданының Абай ауылында болған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 жастағы қыз 8 мамыр күні сағат 17:10-да «Ошақты» каналына құлап кеткен. Қасында болған құрбысы оның ойнап жүріп, абайсызда суға батып кеткенін айтқан.

«Жасөспірімді іздеу шараларына ТЖД ЖҚЖ-ның 6 құтқарушы, 1 жүзу құралы және 1 бірлік техника және ТЖД (6 қызметкер және 2 бірлік техника), ЖАО (4 жұмысшы, 1 бірлік техника және 2 жүзу құралы) жұмылдырылды. Сондай-ақ жасөспірімнің туыстары (12 адам), ПД (8 қызметкер және 2 бірлік техника) қатысты. Нәтижесінде кешкі сағат 21:20-да ТЖД туыстарының күшімен қыз баланың мәйіті құлаған жерінен төмен қарай 5 шақырым жерден табылып, судан шығарылды»,- делінген хабарламада.

https://turkystan.kz/article/222442-turkistan-oblysynda-4-synyp-okushysy-suga-batyp-ketti/

Leave A Reply

Your email address will not be published.