Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жаңа туған нәрестені саудалау фактісін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
«4 мамыр күні сағат 13:00 шамасында жаңа туған сәбиді сатып, ақша алған 35 жастағы күдікті ұстады. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді», – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері сәбиді алған 38 жастағы күдіктіні ұстады. Бала сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласының облыстық мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды.
Полицияда хабарлағандай, осы дерек бойынша ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерден мойындау жауаптары алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр және тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
https://turkystan.kz/article/222287-mangystauda-zhana-tugan-neresteni-satpak-bolgan-eyel-ustaldy/