Нұржан Нұржігітов майдангерлерді құттықтады

104

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов пен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев  Ұлы Жеңіс мерекесіне орай соғыс ардагерлерінің үйіне барып құттықтады.

Алдымен соғыс және еңбек ардагері Мүтәліп Ережаппайдың шаңырағына арнайы барған аймақ басшысы, қарияны Жеңіс күнімен құттықтап, ерлігі, Отанға деген адалдығы, риясыз еңбегі үшін алғысын білдіріп, соғыстың ардагерлері ерлік пен қайсарлық үлгісі болып қала беретінін баса айтты.

Сондай-ақ, майдангердің құрметіне орай шағын әскери шеру ұйымдастырылып, арнау айтылды.

Мүтәліп Ережаппай 1936 жылы Талас ауданы, Қарой ауылында дүниеге келген. 1944 жылы  әскер қатарына шақырылып, Ұлы Жеңістен соң әйгілі Брест қамалын қалпына келтіруге қатысқан.

Елге 1950 жылы оралған соң партиялық және журналистік жолда түрлі қызметтерде болып, елеулі еңбек еткен.

Ол II дәрежелі Отан соғысы орденімен және ондаған мерекелік медальдармен, грамоталармен марапатталған. Талас ауданының Құрметті азаматы атанған.

Майдангер-қаламгердің «Атақоныс», «Өлеңім – өмірім» секілді бірқатар кітаптары жарық көрген.

Сондай-ақ, облыс әкімі Владимир Колесниченко шаңырағында да болып, ардагерді мерекемен құттықтады.

Майдангер 1926 жылы өмірге келген.

Ол он жеті жасында әскерге алынып, Тюмень қаласындағы оқу полкінде болды. 1944 жылы майданда пулеметші, бронеатқыш болып Эстонияда, Латвияда шайқасқан. Қызылтулы 415-ші Мозер атқыштар дивизиясының құрамында 1945 жылы Висла, Одер, өзендерін кешіп өтті. Жараланды. Емделген соң, әскер қатарынан босап, Жеңісті Куйбышев қаласында қарсы алған.

Соғыстан кейін Опарино станциясында аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің инспекторы, ауылдық кеңес төрағасы болды, құрылыста істеді. Зейнеткерлікке шыққанға дейін Жамбыл облысында астық өнімдері комбинатында механик болып еңбек еткен.

Владимир Колесниченко «II дәрежелі Отан соғысы», III дәрежелі «Даңқ», ордендерімен  және  «Германияны жеңгені үшін» мерекелік медальдармен марапатталған.

– Ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін бас иеміз. Өздеріңіздей ардагерлердің арқасында біз бүгін ашық аспан астында азат елде өмір сүреміз. Ерліктеріңіз есте мәңгі сақталады. Сіздерге және туған-туыстарыңызға зор денсаулық тілеймін, – деп Нұржан Нұржігітов жылы лебіздерін білдірді.

Өз кезегінде ардагерлер майдандағы өмірі жөнінде естеліктерімен бөлісіп, өздерінің Жеңіске жету жолдары туралы сыр шертіп, ондай қиын кезеңдердің қайталанбауын, еліміздің бірлігі мен амандығын тіледі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облысымызды 15 соғыс ардагері бар десек, оларға 1 500 000 ақшалай бір реттік көмек көрсетілуде.

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/550794?lang=kk

Leave A Reply

Your email address will not be published.