Облыстың 4 қаласында 19 тұрғын үй жөнделеді

779

Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрбай Тлегенов «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында брифинг өткізді.

Нұрбай Мейрамбекұлының айтуынша, облыстағы 377 елді мекеннің (халық саны 1117,567 мың адам) 181 елді мекені, немесе 48 пайызы (халық саны 806 070) газдандырылған екен.

Газдандырылған елді мекендердің ішінде 88 764 тұрғын газ торабына қосылмаған, немесе 11 пайызы. 2018-2025 жылдары 173 елді мекенді (халық саны 298 063) газдандыру жоспарлануда. Нәтижесінде газдандырылған елді мекендердің саны 354 елді мекенді құрап, 94 пайыз деңгейінде қалыптасады.

Облыстағы елді мекендердің барлық аумақтары электр энергиясымен толығымен қамтылған. Электр энергиясын тұтыну көлемі сағатына шамамен 140-160 МВт құрайды, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Н. Тілегенов, сонымен қатар, 2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысынан хабар берді. Аталған кешенді шараны жүргізу мақсатында жылу энергетика кәсіпорындары мен жаздық жөндеу компанияға 784,8 млн.теңге қаралды. Оны бақылау үшін аймақта жауапты тұлғалардың тізімі және облыстық штаб отырысының кестесі бекітілген.
Бүгінгі таңда, жоспарланған іс-шараларға сәйкес, кәсіпорындар жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, Тараз қаласының тозығы жеткен жылу желілерін қайта жағырту мақсатында, 2018 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 жобаға 1 786,5 млн.теңге бөлініп, 3,2 шақырым жылу желілерін ауыстыру жоспарлануда, – деді Нұрбай Мейрамбекұлы.

Сондай-ақ, биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында облыс көлемінде 535,5 млн. теңгеге 19 үйде жөндеу жұмыстары жүруде. Оның 499,5 млн. теңгесі Тараз қаласындағы 16 үйге қарастырылған. Ал, қалған 15,1 млн. теңге Жаңатас, 16,7 млн. теңге Қаратау, 4,2 млн. теңге Шу қалаларына бөлінген.

Жалпы, облыстағы құрылыс саласы бойынша 107 нысанның құрылысына 27 259,6 млн.теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 39 нысан пайдалануға тапсырылды. 51 нысан жылдың соңына дейін тапсырылады. Қалған 17 нысан 2019 жылға өтпелі.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары:

  1. Білім саласы бойынша барлығы – 15 нысан (4 169,1 млн. теңге);
  2. Денсаулық сақтау саласы бойынша – 10 нысан (673,1 млн. теңге);
  3. Ауыз сумен қамтамасыз ету – барлығы 19 нысан (8 295,8 млн. теңге);
  4. Тұрғын үй құрылысы – 20 нысан (7 220,0 млн. теңге);
  5. Инженерлік – коммуникациялық жүйелермен қамтамасыз ету – 31 нысан (5 008,8 млн. теңге);
  6. Спорт саласы бойынша – 7 нысан (1 620,3 млн. теңге);
  7. Басқада бағыттары бойынша – 4 нысан (272,3 млн.теңге) бағыттары бойынша жүзеге асырылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.