«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы: ордабасылық қарияға құрмет көрсетілді

150

«AMANAT» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ордабасылық қарияға құрмет көрсетілді.

Игі іске облыстық партия филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты  Алтынсары Үмбетәлиев, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Ғани Акылбекұлы және Ордабасы аудандық партия филиалының төрағасы  Әлиасқар Байдуллаұлы қатысты.

Қиын-қыстау кезеңде Отанды қорғап, әскери антқа адал болған жандардың бірі – Мұратов Қалмен.  Ақсақал 1924 жылы 20 ақпанда  Ордабасы ауданында дүниеге келді.

1942 жылғы 1 тамызда «Бірлік» орталау мектебінде 7-сыныпты оқып жүрген кезінде, 18 жасында әскерге алып кеткен. Аягөзде командирлік курсты 3 ай оқып, кіші сержанттық шенін алды.

1942 жылы Калинин облысына барып, Мәскеуден ары Белорусь аймағында соғысқа қатысқан. Бірнеше қаланы басқыншылардан азат етуге үлес қосты.

1944 жылы ақпанда Витебск қаласында жау қорғанысын бұзу үшін болған шайқаста сол қолына оқ және граната жарықшалары тиіп, екі жерден жараланған. Бір оқ білезік буынына, екінші оқ саусаққа тиген. Сол сәтте екінші саусағынан айырылған.

Қалмен Мұратов 1947 жылы Бөржар ауылына қарасты Сталин колхозында бригадир болып қызмет етті.

1973 жылдан бастап теміржолда ұзақ жыл еңбек етіп «Коммунистік еңбек екпіндісі», «Оныншы бес жылдықтың екпіндісі», «Социалистік жарыс жеңімпазы» атанған. «Құрмет белгісі», І дәрежелі  «Отан соғысы» орденімен, «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Еңбек ардагері», «Астанаға 10 жыл» және көптеген мерекелік медалмен марапатталған. Ел батыры сұрапыл соғысты есіне алып, болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі үшін батасын берді.

https://turkystan.kz/article/222036-ardagerlerdi-ardaktayyk-zhobasy-ordabasylyk-kariyaga-kurmet-korsetildi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.