Сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың өлімі: қылмыстық іс жабылды

131

Астана қалалық ІІД бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтің мәлімдеуінше, полицейлер жаңадан сайланған депутаттың өлімінен қылмыс белгілерін таппаған деп хабарлады turkystan.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

14 қаңтарда өткен Парламенттің жоғарғы палатасына сайлауда Кәрімова Солтүстік Қазақстан облысынан депутат болып сайланды. Сонымен қатар ол әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі болды. 27 қаңтарда 45 жасында Гүлмира Кәрімова дүниеден өтті. Өлімнен кейін бірден Парламент өлімнің алдын ала себебі анафилактикалық шок деп ресми мәлімдеме жасады. Бірақ кейін елорданың Денсаулық сақтау басқармасынан өлім инфарктан болғаны туралы жаңа ресми хабарлама келді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.