30 сәуірде Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының жатақханасында 3-ші курс курсантының денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, курсант өзіне қол салған.
Қазіргі таңда Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.