«Қарызсыз қоғам» жобасының тренерлерін оқыту жалғасып жатыр

121

Қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға арналған «Қарызсыз қоғам» жобасының тренерлерін оқыту жұмысы жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін «AMANAT» партиясы мен Halyk Bank аталған жобаны жүзеге асыру жөнінде тиісті меморандумға қол қойған болатын.

Бүгін «AMANAT» партиясы «Ұлы Дала» ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығымен бірге қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру жобасының екінші толқынындағы 30 тренерді оқытты. Өткен аптада тағы 30 бизнес-тренер біліктілікті арттыру және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру курсын аяқтады. Бұл – олардың аудиториямен жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

«Ұлы Дала» қауымдастығының басшысы Ақмарал Бекмұрзаеваның айтуынша, «Қарызсыз қоғам» жобасы қазақстандықтардың қаржылық мәдениеті мен несиені қайтару кезіндегі жауапкершілігін арттырудың тиімді құралы болады.

Қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған тегін курстар «AMANAT» партиясының аудандық филиалдарында келесі критерийлер бойынша өткізіледі:

– бір топтың оқу уақыты 5 күнді құрайды;

– топтағы қатысушылар саны 30-50 адамнан аспайды;

– бір айда оқытылатын топтар саны – 3.

«Қарызсыз қоғам» жобасы алғашқы кезеңінде Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындары оқытылады. Курстарға жазылу үшін тұрғылықты жердегі «AMANAT»-тың аудандық филиалына хабарласу қажет.

https://turkystan.kz/article/221358-karyzsyz-kogam-zhobasynyn-trenerlerin-okytu-zhalgasyp-zhatyr/

Leave A Reply

Your email address will not be published.