27 сәуір күні Павлодар қаласына қарасты Мойылды ауылында қыз бала бесінші қабаттан құлаған деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сағат 12:41 шамасында 2018 жылы туған бала бесінші қабаттан құлап кеткен. Ол сағат 13:20-да облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөлімшесіне жеткізілді.
«Баланы травматолог, хирург, реаниматолог қарады. Содан кейін шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Жабық бас сүйек-ми зақымы, мидың шайқалуы, оң жақ өкпенің зақымдалуы, іштің сыздап ауруы анықталды. Ота жасалды», – деді басқармада.
Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда.