КҮНІНЕ 10 МЫҢ ТОННА ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕДІ

120

Сәрсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұлов Қаратөбе ауылдық округінде орналасқан «Алель Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс сою алаңына барып, кәсіпорынның бүгінгі жай-күйін көріп қайтты.
2021 жылы құрылған кәсіпорынның жобалық құны 1,2 млрд теңгені құрайды. Жер көлемі 7,5 гектар. Бүгінде кәсіпорында күндігіне 50 мың бас құс немесе 10 мың тонна құс еті өндіріледі. Тұрақты жұмыс орнымен де тұрғындарды қамтып отыр. Мұнда 150-ге жуық жұмысшы 80-140 мың теңге аралығында жалақы алады. Өндірілген өнімдер елдің түкпір-түкпіріне тасымалдануда. Сондай-ақ серіктестік кәсіпорыннң жұмысын арттыру, көлемін кеңейту және қайта өңдеу цехтарын ашуды жоспарына енгізген. Кәсіпорынның жұмысымен етене танысқан Ербол Жұмабекұлы жұмысқа жергілікті тұрғындарды тартуға баса назар аудару керектігін жеткізді.

Жамбыл ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.