Ыстық су төгілген: ұшақта үш жасар қыз күйіп қалды

149

Ұшақ ішінде стюардесса жіберген қателіктен үш жасар кішкентай қызды күйік шалған. Бұл туралы turkystan.kz хабарлады.

Red Wings әуекомпаниясының стюардессасы үш жасар жолаушы қыздың үстіне ыстық су құйып алған. Алайда ұшақ оқыс жағдайды көре тұра, қонуға шешім қабылдамаған.

Оқиға Мәскеу-Хургада рейсінде болған. Кішкентай қыздың аяғын І-ІІ деңгейдегі күйік шалған. Ұшақ ішінде мұндай күйікке алғашқы көмек көрсету де мүмкін болмаған. Экипаж командирі жағдайды көре тұрып, ұшуын жалғастырып, тек Мысырға жеткенде барып қана үш жасар қызға көмек көрсетілген.

Дәл қазір бұл іс бойынша прокуратура мен елшілік қызметкерлері іске кірісті. Баланың анасы айтқандай, әуекомпания тіпті кешірім де сұрамаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.