Өткен сенбі күні Жаңатас қаласындағы орталық базарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке азық – түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде ет, сүт, балық өнімдері және көкөніс дақылдары шығарылды. Өнімдер нарық бағасынан 8 – 15 пайыз аралығында төмен бағада тұрғындарға ұсынылды.
Айта кету керек, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі орталық базарда әр сенбі сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.