Атыраулық полицейлер мас күйде 4-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды деп хабарлады turkystan.kz.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, полицияға Нұрсая мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің 4-қабатынан белгісіз азаматтың секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама түскен.
1994 жылы туған ер адам полицейлердің жедел әрекеті нәтижесінде құтқарылды.
Дәрігерлік сараптама нәтижесінде оның алкогольдік мас күйде болған анықталды.
https://turkystan.kz/article/220028-atyrauda-er-adam-4-kabattan-sekirmek-bolgan-video/