Бүгін облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлы Қаракемер ауылында орналасқан «Форель» балық шаруашылығының жұмысымен танысты.![]()

«Атамекен» шаруа қожалығы 140 млн теңгеге жобаны мықтап қолға алуда. Жылдық айналымды 100 мың тонна жеткізуді көздеп отыр.
Бүгінгі күні қазылған 15 бассейнге 100 мың шабақ жіберілді.
Шаруа төрағасы күтіп-баптау жұмыстарына кіріскен.
Облыс әкімінің орынбасары шаруа жайын білетін азаматтың жұмысына сәттілік тілеп, жоба құрылымын егжей-тегжейлі талқылады.