15 адамды өлтірген: Челах өмірінің соңына дейін түрмеде отыруы мүмкін

121

ҰҚК төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов өмір бойына сотталған Владислав Челахтың ісіне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.

Halyq Uni сайтының хабарлауынша, Челахтың ісіне қатысты Бас прокуратурадан ҰҚК Шекара қызметіне ешқандай өтініш, құжаттар да түспеген. Бұл туралы Ерлан Алдажұманов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін айтты.

Сондай-ақ ол қазір «Арқанкерген» шекара бекеті жұмыс істемейтінін атап өтті.

«Қазір ол жұмыс істеп тұрған жоқ. Шекара бекеті тек жазда жұмыс істейді», – деді Алдажұманов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.