АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz СNN агенттігіне сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, Дональд Трамп сот ресми түрде қылмыстық іс қозғаған АҚШ тарихындағы алғашқы экс-президент болды. Оған қарсы бірқатар тергеудің бірі –порножұлдыз Сторми Дэниэлске (шын аты – Стефани Клиффордс) пара беруімен байланысты.
2016 жылғы сайлауға дейін Дональд Трамп адвокат арқылы Сторми Дэниэлске он жыл бұрын онымен байланысқаны туралы үндемеу үшін 130 мың доллар төлеген. Бұл төлем заңсыз болған жоқ, бірақ саясаткердің адвокаты оны заңгерлік қызмет ақысы ретінде рәсімдеген және бұл Нью-Йорк штатында есептілікті бұрмалау болып саналады және қылмыстық жазаға тартылады.
Манхэттеннің үлкен алқабилерінің оған қылмыстық айып тағу туралы шешімі туралы хабардан кейін Дональд Трамп қоры бір күнде 4 миллион доллардан астам қайырымдылық жинаған.
https://turkystan.kz/article/218919-donald-tramp-kamauga-alyndy/