101 млн теңге: Оралда шыбын-шіркейді улау жұмыстары жүргізіледі

102

Орал қаласы аумағында шыбын-шіркейге қарсы 101 млн теңгеге улау жұмыстары жүргізіледі деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту және газдандыру бөлімінің басшысы Мұрат Қонысбаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, дезинсекция жұмыстарын мердігер «Магтоксин» ЖШС атқарады.

Оның сөзіне қарағанда, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 101 млн теңге бөлініп, барлығы 13 мың гектар жерді өңдеу жоспарланып отыр.

Жұмыстар екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезеңде дернәсілдерге қарсы, екіншісінде масалар қанаттанған кезде улау жұмысы атқарылады. Биыл бұған Димигран және Ципакс химиялық препараттары қолданылатын болады.

«Биыл жылдағыдан гөрі ауа райы күрт жылынды. Қардың еруі салдарынан көлшік сулар көп болмақшы. Бұл масалардың көбеюіне әкеп соқтырады. Сондықтан дезинсекция жұмыстарына дайындық ерте басталды. Қазірдің өзінде мердігер мекеменің энтомолог мамандары шалшық суларда дернәсілдердің пайда болуына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуде», –  деді М.Қонысбаев.

Бұл мақсатқа 2021 жылы – 93,3 млн, өткен жылы 97 млн астам теңге қарастырылған еді.

«Магтоксин» ЖШС директорының орынбасары Данияр Базарбаев шыбын-шіркейге қарсы күрестің биыл да уақтылы жүргізілетінін жеткізді.

https://turkystan.kz/article/218916-101-mln-tenge-oralda-shybyn-shirkeydi-ulau-zhumystary-zhurgiziledi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.