Жамбыл облысында Астана күнін тойлау жалғасуда

682

20 жылда әлем назарын аударған Астана тойы Әулиеата жерінде жалғасын тауып жатыр, – деп хабарлайды «ARAINEWS» .

Өңірде Тараз қаласы мен аудандардың мәдениет және өнер күндері ұйымдастырылып, бас қаланың 20 жылдық тарихы түрлі мәдени іс-шаралармен айшықталуда. Осылайша Астанадан қашық жатса да ауыл-аймақ халқы Арқа төсіндегі тойдың салтанатын сезінді. Облыстағы мәдениет және өнер күндері қыркүйек айына дейін барлық аудандарда да жалғасатын болады. Өз кезегінде тоғыз жолдың торабы саналатын Шу өңірінің өнерпаздары аудан халқына концерттік бағдарлама мен өңірдің тарихынан сыр шертетін көрме ұсынды. Концерттік бағдарламада айтылған ән мен күмбірлеген күй шашулардың барлығы елордаға арналды. Одан соң мәдениет үйі маңында көрме ұйымдастырылды. Оған халықаралық, республикалық конкурстардан жүлделі орын алып жүрген қолөнер шеберлерінің еңбектері қойылған. Көрмеге алғаш рет қатысып отырған Бауыржан Жақсыбаев кенжелеу қалған қолөнер ісімен 2011 жылдан бері айналысып келеді. Ағаш ұстасы осы уақыт аралығында 60-қа тарта ұлттық аспап жасапты.

Бауыржан Жақсыбаев, қолөнер шебері:

— 40-50-ге жуықтай домбыра аспабын жасап шығардым. Қобыз аспабынан 10-ға тарта қобыз аспабын жасап шығардым. Ал енді кәдесыйлар, сандықшалар жасау үстіндеміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.