Қазақстан чемпионатында ресейлік спортшы не істеп жүр? – спорт журналисі

121

Талдықорғанда суға жүзуден ел біріншілігі басталды. Оған Қазақстанның барлық аймағынан 250-ден аса атлет қатысып жатыр. Олардың арасынан ресейлік спортшы Виталина Симонованы көрген журналист Аслан Қаженов жарыс ұйымдастырушыларынан аталған жағдайға қатысты түсінік беруін сұрады деп хабарлады turkystan.kz.

«Дәл қазір Талдықорғанда жүзуден ішкі біріншілік өтіп жатыр. Ашық чемпионат емес, халықаралық жарыс емес. Жылына бір өткізілетін өз спортшыларымызға ғана арналған жарыс. Оған аймақтардың үздіктері жиналып, өзара мықтыны анықтауы қажет. Кейін жеңімпаздардан ұлттық құрама жасақталады. Жарысқа қатысушылар арасында ресейлік Виталина Симонованы байқап қалдым. Тіпті, ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуде ең үздік нәтиже тіркеген. Түсінбедім. Ол қалай ішкі жарысымызға кіріп кетті? Оған рұқсатты кім берді? Сонда алдағы аламандарда ел намысын ресейлік Виталина Симонова қорғай ма?», – деп жазды Аслан Қаженов.

Ол құзырлы министрлік шұғыл осы мәселеге араласып, жағдайдың мән-жайын анықтауды талап етті.

https://turkystan.kz/article/218600-kazakstan-chempionatynda-reseylik-sportshy-ne-istep-zhur-sport-zhurnalisi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.