70 мың доллар: Шымкенттің экс-әкімі шуға қатысты пікір білдірді

129

Актриса Динара Әлжанның сұхбатынан кейін Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әлеуметтік желіге жазба қалдырды деп хабарлады turkystan.kz.

«Шындық шырылдап жетемін дегенше,
Өтірік талай жерді өртейді» – деп жазды экс-әкім.

Естеріңізге сала кетсек, Динара Әлжан Youtube-тегі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында сұхбат берді. Әңгіме барысында ол Шымкенттегі тойлардың бірінде Әбдірахымовпен танысып, би билегенін айтқан. Динара Әлжан экс-әкім оған үй сатып алуға 70 мың доллар және 20 мың доллар тұратын сырға сыйлағанын мәлімдеді.

https://turkystan.kz/article/218585-70-myn-dollar-shymkenttin-eks-ekimi-shuga-katysty-pikir-bildirdi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.