Қазақстанда демократиялық қоғамға тән үрдістер айқын көрініс тапты — Алмас Айтмұқаш

153

«Respublica»  партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш Қазақстандағы саяси өзгерістер туралы Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазақстандықтар қолдап дауыс берген конституциялық өзгерістер референдумынан кейін мемлекеттің билік тармақтары түгелдей Конституцияның жаңа талаптарына сай жаңғыртыла бастады деп ойлаймын.
Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтті. VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы ашылуында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстанда жаңа азаматтық, саяси мәдениет қалыптасып жатқанын айтты.
Бұл қазақстандықтардың маңызды өзгерістерге өз үлесін қосуға дайын екенін дәлелдейді. Мәселен, кешегі сайлауда партиялармен қатар көптеген азамат бір мандатты округтен кандидат ретінде өзін-өзі ұсынды. Ұзақ жылдардан бері осылайша, қарапайым, ел үшін еңбек етуге ынта-ықыласы мен қайрат-жігері зор азаматтардың билік басына келуіне мүмкіндік жасалды.
Президент бұл сайлауда сайлаушылардың да, үміткерлердің де айрықша белсенді болғанын айтты. Өңірлердегі саяси партиялар тегеурінді тартысқа түсті. Телеарналарда тікелей эфирде өткен партиялар арасындағы қызу пікірталастарға қазақстандықтар куә болдық.
Осылайша, Қазақстанда демократиялық қоғамға тән үрдістер айқын көрініс беруде. «Мұның бәрі Қазақстанда ашық азаматтық қоғамның нығайып келе жатқанын көрсетті», – деді Мемлекет басшысы.
Болашағымыздың жарқын болатынына сенімді жоғалтпау керек. Бәрі уақыттың еншісінде» деп жазды А.Айтмұқаш.
https://turkystan.kz/article/218350-kazakstanda-demokratiyalyk-kogamga-ten-urdister-aykyn-korinis-tapty-almas-aytmukash/

Leave A Reply

Your email address will not be published.