Парламенттің алғашқы сессиясы қашан өтетіні белгілі болды

114

Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 27 наурыз, №153», – делінген құжатта.

https://turkystan.kz/article/218115-parlamenttin-algashky-sessiyasy-kashan-otetini-belgili-boldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.