FIDE президенті шахматшылардан кешірім сұрады

118

Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович Үндістандағы Гран-при турнирінің қатысушыларынан кешірім сұрады деп хабарлады turkystan.kz.

ФИДЕ сайтындағы мәліметке сүйенсек, Үндістанға келген шахматшылар ұйымдастырушылардың өрескел қателігінен бірқатар қолайсыздыққа тап болған.

Соның салдарынан Қазақстан өкілі Жансая Әбдімәлік жарысқа қатысудан бас тартқан. 11 шахматшы қалғандықтан, турнир кестесін қайта жасауға тура келді, дегенмен Гран-при кезеңі өтеді.

Дворкович қалған 11 қатысушыдан кешірім сұрап, барлығына хат жолдаған.

«ФИДЕ сондай-ақ қосымша координатор белгілейді. Ол толығымен қатысушылардың қарамағында болады және кез келген барлық қосымша шығынға өтемақы ұсынады», – делінген ФИДЕ сайтында.

Бұдан бөлек әйелдер турнирлерін ұйымдастырудың қағидасы мен стандарты қайта жіті қаралып, алдағы іс-шараларды ұйымдастырушылардың біліктілігі арттырылатыны жазылған.

Айта кетейік, кеше шахматшы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіде пост жариялап, онда Делиде басталған маңызды Гран-при турнирінен Жансая Әбдімәлік аяқасты кетіп қалғанын жазды. Айтуынша, Жансаяға ұйымдастырушылардың дұрыс қарсы алмауы ұнамаған.

https://turkystan.kz/article/218038-fide-prezidenti-shahmatshylardan-keshirim-surady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.