Ақтауда 3 баласын өлтірді деген күдіктіге қатысты тың ақпарат шықты

183

Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 3 баласын өлтірді деген күдіктіге қатысты тың ақпарат белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz Arbat.media-ға сілтеме жасап.

Үш баласын пәтерде өлтірген азаматтың Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының тумасы екені анықталды.  

Ақтауда 3 баласын өлтірді деген күдіктіге қатысты тың ақпарат шықты

Ауылдастары күдіктіні жақын танитынын айтып, бұрыннан дін жолында жүрген адам екенін айтты.

«Ауылдасымыз болған соң танимыз. Ел салафилік бағыттағы адам деп айтатын. Бейнеудегі Ы.Алтынсарин атындағы мектепте бірге оқыдық. Бүгінгі оқиғаны естіп ауылдастарымызбен бірге шошып отырмыз. Намазхан жігіт еді. Неліктен мұндай қадамға барғанын білмедік», — деді атын атамауды өтінген ауылдасы.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті күдіктіге қатысты әзірге басқа ақпараттарды жарияламады. Алайда әлеуметтік желіде үш баласын өлтірген азаматтың толық аты-жөні, сондай-ақ марқұм болған үш баласының есімі жария болды.

Arbat.media сайтының жазуынша, 2011 жылы туған Амина Д., 2014 жылы туған Айша Д., 2016 жылы туған Абдурахман Д. 1986 жылы туған Жәнібек. Е. есімді күдіктінің қолынан қаза тапқан.

Ақтауда қылмыстық оқиға болған 27 шағын аудандағы 46 үйдің тұрғындары күдіктіге қатысты ақпарат айтудан бас тартты. Көпшілігі осы үйден көргенімен, қашаннан бері тұратыны туралы білмейтін болып шықты. 

Еске салсақ, 24 наурызда Ақтаудағы 27-шағынауданда орналасқан пәтерден зорлықпен өлім белгілері бар күйінде жасөспірімдер табылған. 2011, 2014 және 2016 жылы туған кәмелетке толмағандарды өлтірді деген күдік бойынша полиция қызметкерлері 36 жастағы әкесін ұстады.

https://turkystan.kz/article/217934-aktauda-3-balasyn-oltirdi-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.