Наурыз мейрамында ауа райы қандай болады?

87

Синоптиктер мереке күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, еліміздің басым бөлігі антициклон сілкінісінің ықпалында болады. Алдағы үш күнде қазақстандықтарды ашық және жылы ауа райы күтіп тұр.

«Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, атмосфералық қысымы төмен аймақтарда бұлтты ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман болады деп болжанды. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді», – делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.